menu

Menu

Rolex 1908 in Платина M52506-0002 at ACRE

Rolex 1908 39 мм, Платина RMC: M52506-0002

Баға сұраныс бойынша беріледі

Ұсынылған бөлшек баға, ҚҚС-ты қоса алғанда. Ұсынылған баға кез келген уақытта алдын ала ескертусіз өзгертіле алады.
Rolex 1908 in Платина M52506-0002 at ACRE Rolex 1908 in Платина M52506-0002 at ACRE Rolex 1908 in Платина M52506-0002 at ACRE Rolex 1908 in Платина M52506-0002 at ACRE
ACRE - Almaty ресми rolex дистрибьюторы

Rolex кепілдігі

Rolex сағат бұйымдарын дәл және сенімді болуын қамтамасыз ету үшін әр сағатты құрастырғаннан кейін қатаң сынақтардан өткізеді. Rolex ресми дистрибьюторларының бірінен сатып алынған барлық жаңа Rolex сағатттарына бесжылдық халықаралық кепілдік бар. Rolex бұйымын сатып алғанда, Ресми дистрибьютор сағатыңыз түпнұсқа екенін растайтын Rolex кепілдік картасын толтырады және күнін белгілейді.

Жасыл мөр

Барлық Rolex модельдеріне берілетін бес жылдық кепілдік Superlative Chronometer мәртебесінің символы — жасыл мөрмен бекітіледі. Бұл эксклюзивті таңба сағат механизмінің ресми COSC сертификатына қосымша, Rolex зертханаларында арнайы қорытынды бақылаулардан сәтті өткенін растайды.

Rolex сыйлық қорабы

Әр Rolex бұйымын әдемі жасыл сыйлық қорабында жеткізеді, ол оның ішінде орналасқан асыл тасты әрі қорғайды, әрі сақтайды. Сыйлық қорабы — сыйлық берудің символы, сондықтан сыйлық ретінде сатып алсаңыз, оны алушының Rolex бұйымымен алғашқы байланысы ішінде не жатқанын білгісі келу болады.
  • СІЛТЕМЕ

    52506

  • Модельдің корпусы

    39 мм, платина, жылтыратылған өңделім

  • БЕЗЕЛЬ

    Дөңес және науалы

  • СУҒА ТӨЗІМДІ

    Суға төзімділігі 50 метрге / 165 футқа дейін

  • Сағат механизмі

    Perpetual, механикалық, автоматты түрде құлағынан бұрау

  • КАЛИБР

    7140, Rolex өндіру зауыты

  • қуат қоры

    Шамамен 66 сағат

  • Бау

    Былғары бау

  • ЦИФЕРБЛАТ

    Ашық көк, күріш дәні өрнегі

  • СЕРТИФИКАТТАР

    Дәлдігі жоғары хронометр (механизмді корпусына орнатқаннан кейін COSC + Rolex сертификациясы)

Брошюраны жүктеп алыңыз

Ашық көк циферблат

Ақшыл көк циферблат гильоше әдісімен жасалған күріш дәнінің өрнегімен ерекшеленеді. Бұл гүлөрнек тәрізді дизайн сағат 6-дағы шағын секунд өлшеуіштерінен бастап циферблат бетіне дейін созылған өзінің үш өлшемді, қайталанатын геометриялық үлгісімен ерекшеленеді. Минут межелігі ирек өрнекпен filet sauté бөлшегімен қоршалған, бұл да гильоше әдісімен жасалған. Гильоширлеу немесе қозғалтқышты бұрау арқылы жасалған циферблатты қолданысқа енгізумен (бетке өрнекті мүсіндеу үшін бұрау құралын қолданатын әдіс) Rolex сағат жасаудың классикалық өнеріне құрмет көрсетіп брендтің ноу-хауымен және креативтілігімен Perpetual коллекциясына белгілеген бағытын жалғастыруда. Бұл эксклюзивті циферблатта бірдей қырлы 3, 9 және 12 араб сандары және бірдей қырлы сағат таңбалары, 18 караттық алтын нұсқаларында бірдей қырлы тілдері бар. Бұл эксклюзивті циферблатта тек Day-Date, Cosmograph Daytona және Perpetual 1908 моделінде табуға болады.

Rolex 1908 in Платина M52506-0002 at ACRE

Дөңес және науалы безель

Бұл сәнді және жайлы сағаттың бір бөлігіне дөңес және бір бөлігіне сәл науалы безель кигізілген жұқа корпусы бар - төменгі бөлігінде сәнді дөңестенген, ал үстіңгі бөлігі науалы.

Rolex 1908 in Платина M52506-0002 at ACRE

Платина

Платина сирек кездесетін және қымбат металл, ол өзінің күмістей ақтығымен және жарқырауымен керемет. Бұл әлемдегі ең тығыз және ауыр металдардың бірі, коррозияға аса төзімділігі тәрізді бірегей химиялық және физикалық қасиеттерімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, ол жұмсақ, серпімді және икемді, бұл өңдеу мен жылтыратуды қиындатады, әрі жоғары шеберлікті талап етеді. Rolex компаниясы 950 сынамасын қолданады, ол платинаның 950‰ (мыңдық бөліктен) тұрады. Ол аса мұқияттылықпен компания өндірістік аймағында әзірленеді. Асыл сағаттарға арналған металдардың асылы.

Rolex 1908 in Платина M52506-0002 at ACRE
ACRE - Almaty ресми rolex дистрибьюторы

Модельдің қолжетімділігі

Жоғары деңгейлі сапаны қамтамасыз ету үшін барлық Rolex сағаттары аса мұқияттылықпен қолмен құрастырылады. Әрине, сондай жоғары стандарттар Rolex өндірісінің санын шектейді, сондықтан кейде Rolex сағаттарына деген сұраныс өндірістік мүмкіндіктерден асып кетеді.

 

Соған байланысты, кей модельдердің қолжетімділігі шектеулі болуы мүмкін. Жаңа Rolex сағаттарын тек Rolex бұйымының ресми дистрибьюторлары ғана сата алады. Олар жеткізілімдерді жүйелі түрде алады және сағаттарды клиенттерге таратуды және сатуды тәуелсіз басқарады.

 

ACRE Rolex бұйымының ресми дистрибьюторларының ғаламдық желісінің бөлігі болғанына мақтан тұтады және қолжетімді Rolex сағаттары туралы ақпаратты қамтамасыз ете алады.

Связаться с нами

Send us a message

{#CLIENT#} байланысу нысаны - rolex сағаттарының ресми дистрибьюторы {#CLIENT#} байланысу нысаны - rolex сағаттарының ресми дистрибьюторы

Хабар жіберу

Өз хабарыңызды енгізіңіз

Rolex сағаттарына қызығушылық танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Өз хабарыңызды енгізіңіз, біз сізге жақын арада жауап береміз

Хабар жіберу

Хабарыңызды енгізіңіз

* Міндетті

Хабар жіберу

Рақмет

Сіздің хабарыңыз ACRE Rolex командасына сәтті жіберілді

Біздің Rolex сату кеңесшілеріміздің бірі сауалыңызды қарастырады және мүмкіндігінше тезірек жауап беруге тырысады.

{#CLIENT#} байланысу нысаны - rolex сағаттарының ресми дистрибьюторы {#CLIENT#} байланысу нысаны - rolex сағаттарының ресми дистрибьюторы
Rolex сағаттары - ACRE Rolex сағаттары - ACRE
Rolex Perpetual 1908
Озық классицизм
Көбірек білу үшін

Іздеуді жалғастырыңыз