
Rolex Day-Date 36 36 мм, 18-караттық Everose алтыны RMC: M128235-0009
Баға сұраныс бойынша беріледі





Rolex кепілдігі
Жасыл мөр
Rolex сыйлық қорабы
-
СІЛТЕМЕ
128235
-
Модельдің корпусы
Oyster, 36 мм, Everose алтыны
-
БЕЗЕЛЬ
Науалы
-
СУҒА ТӨЗІМДІ
Суға төзімділігі 100 метрге / 330 футқа дейін
-
Сағат механизмі
Perpetual, механикалық, автоматты түрде құлағынан бұрау
-
КАЛИБР
3255, Rolex өндіру зауыты
-
қуат қоры
Шамамен 70 сағат
-
Бау
President, жартылай шеңбер, үшқатарлы түйін
-
ЦИФЕРБЛАТ
Гауһар тастармен әшекейленген Rosé түсті жиынтық
-
СЕРТИФИКАТТАР
Дәлдігі жоғары хронометр (механизмді корпусына орнатқаннан кейін COSC + Rolex сертификациясы)
Rosé түсті циферблат
Бұл циферблат 18-караттық алтын жиектемесіндегі гауһар тастар және сағат 6 мен 9 таңбасында багет тәріздес кесілген гауһар тастар ерекшеленеді. Күн сәулесі өңделімі Oyster Perpetual коллекциясының көптеген циферблаттарында нәзік жарықтың шағылысуын жасайды. Ол циферблаттың ортасынан сыртына қарай шығып жырашық құратын шебер орындалған тазалау әдістерін қолданып жасалады. Жарық әр оймыштың бойында біркелкі тарап, білектегі орнында қозғалуына байланысты өзіне тән нәзік жарқыл жасайды. Күн сәулесі өңделімі аяқталған соң, циферблат түсіне металл буларын конденсациялауды немесе гальвандауды қолданады. Лактаудың жұқа жабыны циферблатқа соңғы түрді береді.

Науалы безель
Rolex науалы безелі - айрықшалықтың белгісі. Бастапқыда Oyster безелінің функционалдық мақсаты болды: ол сағатқа судың өтіп кетпеуін қамтамасыз ету үшін безельді корпуста бұрау үшін қызмет ететін. Сондықтан ол корпус артындағы оймамен бірдей болды. Сонымен қатар, арнайы Rolex құралдарын қолдану арқылы суға төзімділікті қамтамасыз ету үшін, ол корпусқа бұрап бекітілген. Уақыт өте, ойма эстетикалық элементке, Rolex бірегейлік белгісіне айналды. Қазір осы Day-Date 36 моделінде алтыннан жасалған науалы безель — айрықшалықтың белгісі.

18-караттық Everose алтыны
Алқызыл алтыннан жасалған сағаттың сұлулығын сақтау үшін, Rolex компаниясы өзінің жеке құю өндірісінде дайындалатын 18-караттық алқызыл алтынның ерекше қорытпасын - Everose gold алтынын жасады және патенттеді. 2005 жылы шығарылған 18-караттық Everose алқызыл алтыннан жасалған барлық Rolex Oyster модельдерінде қолданылады.


Модельдің қолжетімділігі
Жоғары деңгейлі сапаны қамтамасыз ету үшін барлық Rolex сағаттары аса мұқияттылықпен қолмен құрастырылады. Әрине, сондай жоғары стандарттар Rolex өндірісінің санын шектейді, сондықтан кейде Rolex сағаттарына деген сұраныс өндірістік мүмкіндіктерден асып кетеді.
Соған байланысты, кей модельдердің қолжетімділігі шектеулі болуы мүмкін. Жаңа Rolex сағаттарын тек Rolex бұйымының ресми дистрибьюторлары ғана сата алады. Олар жеткізілімдерді жүйелі түрде алады және сағаттарды клиенттерге таратуды және сатуды тәуелсіз басқарады.
ACRE Rolex бұйымының ресми дистрибьюторларының ғаламдық желісінің бөлігі болғанына мақтан тұтады және қолжетімді Rolex сағаттары туралы ақпаратты қамтамасыз ете алады.
Связаться с нами
Send us a message


Хабар жіберу
Өз хабарыңызды енгізіңіз
Rolex сағаттарына қызығушылық танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Өз хабарыңызды енгізіңіз, біз сізге жақын арада жауап береміз
Хабар жіберу
Хабарыңызды енгізіңіз
Хабар жіберу
Рақмет
Сіздің хабарыңыз ACRE Rolex командасына сәтті жіберілді
Біздің Rolex сату кеңесшілеріміздің бірі сауалыңызды қарастырады және мүмкіндігінше тезірек жауап беруге тырысады.

